Бокс
15 қыркүйек 09:03

Айбек Оралбай Джалоловтың ізбасарымен айқаста қабағын жарып алды

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде шешуші кездесуде ол өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокировпен жұдырықтасты.

Бірінші раунд тартысты өтті, ауыр салмақтағы екі боксшы да ашық айқастан қашпады. Жекпе-жек барысында олардың бастары соғылып, Айбектің қасы жарылып қалды. Бұл кезеңде төрешілердің бөлек шешімімен - 3:2 раунд Зокировқа берілді.

Екінші раунд та өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды – 4:1. Алайда үшінші раундта Айбек жекпе-жектің бағытын өзгертіп, жеңісті жұлып алды.

Оралбай өз спорттық мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанып, алтын жүлде иеленді. Ал Жахонгир Зокиров бұл турнирде күміс жүлдегер атанды.

Айбек Оралбай бокстан Азияның екі дүркін чемпионы (2022, 2024) екенін ата кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport