Бокс
9 қыркүйек 09:09
 

Айбек Оралбай әлем чемпионатында бірінші қарсыласын жапырып өте шықты

  Пікірлер

blog.share

Айбек Оралбай әлем чемпионатында бірінші қарсыласын жапырып өте шықты ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оралбай турнирді 1/8 финал кезеңінен бастады. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол түркиялық Мұжахит Ильяспен жұдырықтасты.

Үш раундтың барлығы қазақстандық спортшының толық басымдығымен өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Айбекке берді.

Ширек финалда Айбек Оралбай хорватиялық Лука Пратльячичпен кездеседі.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты алғаш рет World Boxing аясында ұйымдастырылып отыр. 4 қыркүйекте басталған турнир 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!