Бокс
12 қараша 2022 20:11

Айбек Оралбай АЧ финалында Өзбекстан құрамасындағы қазақпен жұдырықтасты

©Видеодан скрин

Бүгін, Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия құрлығының біріншілігінде ерлер арасында финалдық айқастар өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz

92 келідегі салмақта Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Өзбекстан елінің өкілі Мадияр Сайдрахимовпен Азия чемпионы атағын сарапқа салды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандыққа жазды. 

Айта кетейік, Мадияр Өзбекстан тумасы болғанымен ұлты қазақ. 

Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылар арасында тек Асыланбек Шымбергенов пен Санжар Тәшкенбай ғана Азия чемпионы атанды. Ал Дулат БекбауовСәкен БибосыновСерік ТеміржановСабырхан Махмұт және Нұрқанат Райыс финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport