Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
92 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз жартылай финалда Иран елінің боксшысы Туфан Шарифимен кездесті. Бұл айқасты отандасымыз 5:0 есебімен жеңді. Енді Айбек Оралбай Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін жекпе-жек өткізеді.
Еске салайық, сары құрлықтың ақтық сынына Махмұт Сабырхан (54 келі), Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) Қамшыбек Қоңқабаев (+91) Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) жолдама алды.
Қола жүлдегер атанған спортшыларымыздың ішінде Саматәлі Төлтаев (60 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) Сағындық Тоғамбай (86 келі) Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) бар.
Ал Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңді.