Аятолла Тәкежанов Thailand Open турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
75 келіге дейінгілер арасында Тәкежанов үндістандық Сумитпен қолғап түйістіріп, ұпай саны бойынша есе жіберді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша отандасымыз 1:4 есебімен қарсыласына есе жіберді.
Еске салайық, осыған дейін 57 келіде Серік Теміржанов пен 81 келіде Нұрбек Оралбай Пхукеттегі турнирдің финалына шыққан еді.