АҚШ-тың Пуэбло қаласында World Boxing алғаш рет ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан (U-19) тағы бір боксшы жарыс жолынан шығып қалды.
55 келідегі ширек финалда Ерасыл Аманғалиев америкалық Эмануэль Чэнспен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп қалды. Қазақ боксшы екі раундта аз ғана айырмашылықпен басым түскен еді, алайда үшіншісінде америкалық боксшы жеңісті жұлып кетті.
Кеше 70 келідегі 1/4 финалда Диас Серікұлы да жеңілген еді. Осылай бұл жарыста екі қазақстандық боксшы ғана қалды.