Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінің финалына шықпайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келідегі алтын үшін шешуші айқаста Нұрсейтіов өзге қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықовпен қолғап түйістіру керек болатын. Алайда Тимур жарақаты салдарынан жекпе-жекке шыға алмады.
Қайсар мінез кейін шегіндірмедіАйта кетейік, жарытлай финалда Тимур өзбекстандық Джавохир Умматалиевпен жұдырықтасты. Бірінші раундта-ақ өзбек боксшы Нұрсейітовті нокдаунға түсіріп, бірінші раундта анық жеңіске жетті. Екінші үш минуттықта Тимур жақсы өнер көрсетіп, раундты алды.
Ал үшінші раунд аяқталуға бір секунд қалғанда төреші Тимурға тағы да нокдаун есептеді. Дегенмен үшінші раундта да Тимур ұпай санымен басым түсіп, финалға жолдаманы жеңіп алды.
Дегенмен қазақстандық көптеген бокс сүйер қауым төреші өзбек бкосшыға "жақтасты" деген ойда. Сол үшін де болмаған нокдаунды есептей берді деп есептейі.
Осымен екінші жұп алтын-күмісті бөлісіп отырОсылайша, Аққалықов кіші әлем чемпионаты атанып кеткен беделді турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, ал Нұрсейтіов күмісті қанағат тұтатын болды.
Мұның алдында осы турнирде тағы бір қазақстандық дерби өтпей қалды: 86 келідегі финалда Бекзат Нұрдәулетов пен Айбек Нұрбек Оралбай алтын мен күмісті жекпе-жексіз бөліп алды.