Махмұт Сабырхан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиядадағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.
1/16 финалда қазақстандық боксшы оңтүстік кореялық Ичаню Лиді жеңді. Екінші раундта Махмұт қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген болатын.
- Бұл боксшымен алғаш рет айқастым. YouTube-тен жекпе-жектеріп көріп, онымен қалай жұдырықтасу керегін бапкерлермен шештік. Құдайға шүкір, жақсы жеңіс болды деп ойлаймын. Енді келесі қарсыласқа дайындаламыз. Барымды салған жоқпын, өйткені есепте алда екенімді білдім, тек қозғалып, оны алдап жүрдім.
- Қазылардың бірі бірінші раундта жеңісті қарсыласқа берген, 4-1 деп.
- Мұны байқамадым, бапкерлер менің жеңіп жатқанымды ғана айтты. Неге оған бергенін білмеймін де, мен оны жеңдім деп ойлаймын.