Бүгін, 8 сәуірде Серік Теміржанов Пхукетте өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келідегі финалға жолдама үшін айқаста Теміржановтың қарсыласы жергілікті Руджакран Джунтронг болды. Серік бұл жекпе-жекте қарсыласын төрешілердің бөлек шешімімен жеңді - 3:2.
Айта кетейік, алда 75 келіде Аятулла Тәкежанов - Сумит (Үндістан), 91 келіде Сағындық Тоғамбай - Айбек Оралбай. Ал Кешкі сессияда (15:00) 63 келіде Санатәлі Төлтаев - Сұлтан Мусинов, 69 келіде Асыланбек Шымбергенов - Атичай Фомсап (Тайланд) жекпе-жектері өтеді.