"Аяққа жармастырып қойды". Ресейлік басылым Жәнібектің кейінгі айқасы жайлы

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Спорт туралы жазатын "Чемпионат" басылымы орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерге (32-4-1, 26 КО) қарсы жекпе-жегін еске салып, шеберлігіне тамсанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

13 мамыр Стоктонда өткен айқас 12 раундқа есептелген болатын, алайда екіншісінде Жәнібек қарсыласын нокаутқа түсірді. 

"Талдырғыштың қолынан бәрі келеді. Боксшыны балуан қылып та жібереді. Бірнеше соққы жасап еді - қарсыласы аяққа жармасты", - делінген басылым жариялаған видеоға жазбада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар