Суперауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) міндетті қарсыласы атанған отандасы Диллиан Уайтпен (28-2, 19 КО) жекпе-жектен кейін бокстан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Allboxing.ru.
Бұл айқас сәуір айында Лондондағы "Уэмбли" футбол стадионында өтуі тиіс.
"Бұл менің ақырғы жекпе-жегім, содан кейін кетемін. 150 миллион банкте, жаспын және саумын. Шетелден үлкен яхта сатып аламын. Мен кетемін, бұл соңғы айқасым. Карьерамды аяқтадым", - дейді британиялық.