Бокс
20 наурыз 2023 09:56

Аяғында әзер тұрған боксшы қарсыласын ақ орамал лақтыруға мәжбүр етті

©Matchroom Boxing

Ұлыбританияның Ньюкасл қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында британиялық Сайрус Пэттинсон (6-0, 4 КО) және валлиялық Крис Дженкинс (23-7-3, 8 KO) жарытлай орта салмақта WBA International белбеуін сарапқа салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсыластар бірден жұдырықтаса кетті - жақын қашықтықта соққы алмаса берді. Боксшылар жекпе-жек бойына осы темптен түспеді. 

Сегізінші раундта Пэттинсон қарсыласын бірнеше рет есеңгіретіп жіберді, ал келесі раундта Дженкинстің командасы рингке ақ орамал лақтырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport