Кәсіпқойда Аутсрия атынан өнер көрсетіп жүрген Ресей тумасы Умар Джамбеков (13-0, 9 KO) мысырлық Ахмед Элбиалиді (24-2, 19 KO) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Meta Apex аренасында өткен Zuffa Boxing 03 бокс кешінде өтті
Он раундқа жоспарланған кездесу екінші раундта аяқталды: Джамбеков апперкот соққысымен қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.
Осылайша, Умар кәсіпқойда 13-жеңісіне жетіп, жеңіліссіз сериясын үзбей келеді.
"SINGLE PUNCH KNOCKOUT VICTORY!"#ZuffaBoxing03 LIVE NOW on @ParamountPlus pic.twitter.com/kBULMzJKAW
— Zuffa_Boxing (@Zuffa_Boxing) February 16, 2026
Zuffa Boxing 03 турнирінің басты айқасында америкалық бұрынғы чемпион Чарльз Мартин (30-5-1, 27 KO) нигериялық Эфе Аджагбемен (21-1-1, 15 KO) қолғап түйістірді.
Үшінші раундта Аджагбе оң қолмен тура соққы жасап, қарсыласын нокдаунға түсірді. Мартин орнынан көтеріліп, жекпе-жекті жалғастырды.
Алайда төртінші раундта нигериялық боксшы басымдығын арттырып, қарсыласын тағы да құлатты. Бұдан кейін Аджагбе шабуылды үдетіп, төрешіні айқасты тоқтатуға мәжбүр етті.
Statement Made ?#ZuffaBoxing03 LIVE on @ParamountPlus pic.twitter.com/TDR4wMBB45
— Zuffa_Boxing (@Zuffa_Boxing) February 16, 2026
Жарнама