Аузынан қан кетті. WBA титулына үміткерлер жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды

Майкл Хантер. Сурет: TrillerVerz©

Нью-Йоркетегі Madison Square Garden Theater аренасында Triller Fight Club компаниясы ұйымдастырған бокс кеші аяқталды. Бұл шоудың басты айқасында суперауыр салмақта WBA титулына үміткерлер америкалық Майкл Хантер (20-1-1, 14 KO) мен Майк Уилсон (21-2, 10 KO) жұдырықтасты. 

Жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Хантердің оң қолымен жасаған соққысы қарсыласын талдырып түсірді. Уилсон әупіремдеп тұрғанымен төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Хантер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар