Ауыр соққымен отырғызып тастады. Ахмедовтың "Қиратушымен" айқасы нокаутпен бітті

©Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (20-1, 15 КО) Детройттағы бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Ахмедов 40 жастағы Энкарнасьон Диаспен (18-4, 11 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ, екіншісінде техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін Али "Қиратушы" лақап атты косториколықты бір есеңгіретіп алды. 

Осылайша, Ахмедов карьерасында 21-рет жеңіске жетті, ал Энкарнасьон Диас бесінші рет жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар