Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Бразилиядағы Әлем кубогінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден аса салмақта Даниялдың қарсыласы өзбекстандық Жахонгир Закиров болды. Оны әдетте атақты Баходир Джалоловтың ізбасары деп те атайды.
Бұл жекпе-жекте өзбек боксшы таза жеңіске жетті - 5:0.
Осылай Закиров финалға өтті, ал қазақстандық боксшы қола жүлдені қанағат тұтады.
Жарнама