Ауыр салмақта WBC титулына үміткер болған кубалық Майк Перес (30-3-1, 21 КО) бір жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралды.
Гибралтардағы Europa Point Sports Complex аренасындағы бокс кешінде Перес панамалық Исраэль Дуффуспен (20-13, 17 КО) жұдырықтасып, қарсыласын 30 секундта нокаутқа түсірді.
Перес бұдан бұрын 2023 жылдың қазан айында Рашад Каримовпен жұдырықтасып, оны 1 минут 39 секундта құлатқан еді.