Бокс
Бүгін 06:21
 
Ауыр салмақтағы қазақстандықтың ӘЧ-дегі айқасы 5:0 есебімен бітті

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақтағы қазақстандықтың ӘЧ-дегі айқасы 5:0 есебімен бітті ©IBA

Бокстан Қазақстан құрамасының суперауыр салмақтағы боксшысы Нұрлан Сапарбай IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңде оның қарсыласы Армения боксшысы Давид Чалоян болды. Жекпе-жек 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті.

Бірінші раунд армениялықтың пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Екінші үш минуттық кезең де дәл осындай есеппен Чалоянның еншісіне жазылды. Үшінші раундта Сапарбай жекпе-жектің тағдырын өзгерте алмай, қарсыласына 5:0 есебімен жол берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы жарысты аяқтады, ал Чалоян жартылай финалға өтіп, кепілді түрде жарыстың қола жүлдесіне жетіп отыр.

Давид Чалоян - 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!