Ауыр салмақтағы қазақстандықтың 17 нокауты бар "Арыстанмен" айқасына қатысты шешім шықты

© boxingscene.com

Қазақстандық Жан Кособуцкийдің (18-0, 17 КО) түркиялық Умут Чамкиранға  (18-0, 17 КО) қарсы кездесуі болмайды, деп хабарлайды boxingscene.com.

Қарсыластар аса ауыр салмақ бойынша Еуропа боксшылар одағы (EBU) чемпиондық титулына таласуы керек еді. Алайда келіссөздер тоқтатылғаны мәлім болды. 

"EBU аса ауыр салмақтағы бос титулға үшінші рет сыйақы жариялады. Бірақ тура өткен жолғыдай сауданың екінші айналымына ешкім өтініш бермеді. Сондықтан үміткерлер тізімінен алынып тасталды, бұл жолы олар қайтып келмейді" - деп жазды дереккөз.

Қоса кетейік, Кособуцкий мамыр айында WBC International вакантты титулын жеңіп алды, ізінала рейтингте жоғарылады. "Анадолы арыстаны" лақапатымен өнер көрсететін Чамкиранға келсек, ол да соңғы рет шаршы алаңға мамырда шығып, төртінші раундта чехиялық Лукас Вакерді (3-2, 2 КО) нокаутпен жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар