Ауыр салмақтағы қазақстандық WBC рейтингінде жоғарылады

©instagram.com/kossobutskiy

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесіндегі (WBC) рейтингін жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ауыр салмақта сынға түсетін жерлесіміз өз категориясында 10-орыннан 8-орынға дейін көтерілді. Ол соңғы рет германиялық Хуссейн Мұхамедпен (17-1, 14 КО) қолғап түйістіріп, WBC International белбеуін қорғап қалған еді.  

Енді Кособуцкий кәсіпқой рингтегі келесі айқасын ресейлік Арсланбек Махмудовқа қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport