Жекпе-жек қараша немесе желтоқсанда өтеді. Жағдай коронавирустың таралуы мен кей елдердегі шектеулерге байланысты болады.
Мұның алдында COVID-19 салдарынан қазақстандық боксшының Дюссельдорфтегі жекпе-жегі өтпей қалды, Кособуцкий америкалық Стив Вукошамен (12-1, 4 КО) жұдырықтасу керек болатын. Алайда ұйымдастырушылар індетке байланысты бокс кешін өткізе алмады.
Қазақстанның үш дүркін чемпионы титулын Германияда Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіп алған еді. 2020 жылы Кособуцкий екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де қарсыластарын сұлатты. Осыдан кейін 31 жастағы қазақстандық WBC рейтингіне кірді.