Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы WBC титулы үшін айқасқа шығады

©instagram.com/kossobutskiy/

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийге (16-0, 15 КО) WBA International белбеуінің үстіне тағы бір титул жеңіп алу мүмкіндігі туды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Келесі жекпе-жегін Кособуцкий 20 қараша Гамбургте (Германия) өткізеді. Оның қарсыласы доминиканалық Алексис Бенджамин Гарсия (11-0, 7 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.

BoxRec.com мәліметінше, бұл айқас жеңімпазы WBC International Silver титулын иеленеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар