30 жастағы Кособуцкий карьерасын 2017 жылы қыркүйекте бастаған. Осы уақытқа дейін ол үш елде өнер көрсетті: Беларуссияда сегіз және бір реттен Ресей мен Украинада жұдырықтасты.
- 16 қыркүйек Мәскеудегі Korston Club шаршы алаңында жұдырықтасамын. Қарсылас кейін белгілі болады, - дейді Кособуцкий.
- Дайындық қайда өтеді? Неше раунд?
- Үйде жаттығамын. Алты раунд.
Әзірге бұл бокс кешіне қазақстандық боксшыдан бөлек рингке шығатын бір ғана спортшының есімі белгілі - жартылай орта дивизионда өнер көрсететін 23 жастағы ресейлік Сережа Акопян (4-0, 1 КО).
Айта кетейік, Кособуцкий соңғы рет сәуірде жұдырықтасып, екінші раундта венесуэлалық Карлос Окандоны (21-9, 17 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.