Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) WBC International титулы үшін жекпе-жекте франциялық Йохан Дюопамен (39-6, 26 КО) жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Он раундтық айқас 19 ақпан Гамбургте өтеді деп жоспарланған.
"Виза жасаттым. Жекпе-жек 19 ақпанда өтеді деп талқылағанбыз, бірақ, бұл соңғы шешім деп айта алмаймын. Басқа да боксшылар қарсылас атануы мүмкін", - дейді Кособуцкий.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы былтыр қарашада доминиканалық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, WBC International Silver титулын жеңіп алған.
Дюопа карьерасында жалпы 45 жекпе-жек өткізген. Ол бірнеше рет екінші деңгейлі титулдар үшін жұдырықтасқан, ал карьерасындағы басты айқаста WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдерден (42-2-1, 41 КО) техникалық нокаутпен жеңілген.