Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы Ұлыбританиядағы бірінші айқасына дайындалуда
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлыбританиядағы бірінші жекпе-жегіне дайындық туралы айтып берді.
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлыбританиядағы бірінші жекпе-жегіне дайындық туралы айтып берді.
Дегенмен 32 жастағы боксшы келесі айқасын Араб Әмірліктерінде өткізуі де мүмкін. Қазіргі таңда екі нұсқа бар 26-шілде Ұлыбританияда немесе 30-шілде Дубайда.
Қазақстандық жақында әйгілі Тайсон Фьюридің промоутерлерімен үш жекпе-жек бойынша келісімшарт жасады.
"Британиялықтармен жұмыс істейтін болғандықтан ұзақ мерзімді виза алмақпыз. Сонда жұдырықтасамыз ғой немесе жаттығу лагерін ашамыз. Әйтпесе жекпе-жекке мүмкіндік туады, ал сенде виза жоқ. Оны әйтіп-бүйтіп реттеген кезде, уақыт өтіп кетеді де мүмкіндікті жіберіп аласың", - дейді Жан.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Ұлыбританияда карьерасында алғаш рет өнер көрсетеді.
Жарнама