33 жастағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) WBC International титулы үшін франциялық Йохан Дюопамен (39-7, 26 КО) айқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Бұл жекпе-жек алтыншы раунд алдында аяқталған еді. Франциялық боксшы кездесуді ары қарай жалғастырудан бас тартты.
"Өткен айқас туралы қысқаша айтсақ, нәтижесі осы! Жаңа титул, жаңа тарих! Біз мақсатымызға ары қарай жүре береміз! Құттықтауларыңызға рахмет, жекпе-жек алдындағы және одан кейінгі тілектеріңіз үшін! Алаңдап, жанкүйер болып, жекпе-жекті күтіп, ұйықтамағандардың бәріне және ұйықтап қалғандарға да Рахмет", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.