Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Оңталап Рахманов Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite–2026 халықаралық турнирінде өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалдақазақстандық боксшы эстониялық Леон Кермаспен кездесті. Рахманов бүкіл жекпе-жек бойы сенімді басымдық танытып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті - 5:0. Осылайша ол келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, Оңталап Рахманов 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.
Бұған дейін осы турнирде Рахмина Абдумежеитова мен Азиза Исина жарысты аяқтады. Абдумежеитова испаниялық Ноэлия Сальмерон Гутьеррестен, ал Исина үндістандық Чордари Андуиатиден жеңілді.
Соған қарамастан Қазақстан құрамасы бірнеше сәтті жеңістерге қол жеткізді. Нұрзат Оңғаров канадалық Рок Иссайяны жеңіп, келесі кезеңге өтті. Сондай-ақ, Санжар Тішкенбай, Махмұт Сабырхан, Бексұлтан Боранбек, Төрехан Сабырхан, Азамат Бектас және Нұрбек Оралбай да жеңіске жетіп, жүлде үшін күресті жалғастыруда.
Команда үшін тағы бір өкінішті сәт — Ерасыл Жәкпековтың үндістандық қарсыласынан ұтылуы болды.
Жарнама