Ауыр салмақтағы қазақстандық жеңілмеген аустралиялықпен айқасуы ықтимал

©Universum_boxing

Аустариялық боксшы Джастин Хунидің (6-0, 4 КО) командасы жеңілмеген қазақстандық Жан Кособуцкиймен (18-0, 17 КО) айқас өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл кездесуді өткізуге аустарлиялық боксшының өзі ниет білдіріп отыр. Бұл айқас Хунидің отанында өтуі мүмкін. 

Бірақ ол жекпе-жектің алдында Кособуцкий германиялық Хуссейн Мухамедпен (17-0, 14 КО) жолығуы керек. Аталған кездесу 5 қараша күні Оберхаус қаласында болады. 

Ал Хуни 4 қараша күні отандасы Тао Лейтелаға (8-1-2, 7 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық өзінің соңғы кездесуінде франциялық Йохан Дюпоаны (39-7, 26 КО) жеңіп, WBC International белбеуін иеленді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport