Бокс
Бүгін 09:45

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының ӘЧ-дегі айқасы 5:0 есебімен бітті

©Depositphotos

Қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда оның қарсыласы португалиялық Гонсало Родригес болды.

Тайбеков жекпе-жек барысында қарқынын біртіндеп арттырып, әр раунд сайын басымдығын күшейтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді - 5:0. Осы жеңістің арқасында отандасымыз әлем чемпионатының жүлдесі үшін күресті жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін Әділ Асканбай (50 келі) украиналық Михайло Сидоренконы жеңіп, ширек финалға өтті. Ал Ақжүрек Қалабай (65 келі) 1/16 финалда эстондық Александр Живолоупті техникалық нокаутпен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport