Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы WBC титулы үшін 17 нокауты бар кәсіпқоймен жұдырықтасады

30 қыркүйек 2019 14:02
Али Балоев. © MTK Global

12 қазан Алматыда британиялық MTK Global промоутерлік компаниясы бокс кешін өткізеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде 26 жастағы қазақстандық Али Балоев (9-0, 7 КО) титул үшін жұдырықтасады. 

BoxRec ақпаратынша, оның қарсыласы 42 жастағы венесуэлалық Гусмир Пердомо (26-9, 17 КО) болады. Он раундты жекпе-жек жеңімпазы бірінші ауыр салмақта WBC Asia Intercontinental белбеуін иеленеді.

Балоев соңғы рет 6 шілде Нұр-сұлтанда жұдырықтасып, бразилиялық Гамильтон Вентураны (15-7-1, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

 

Жаңалықтар