Бокс
10 қыркүйек 18:41

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы ӘЧ-де үшінші жүлдені қоржынға салды

©ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Елдана Тәліпова Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

+80 келі салмақ дәрежесінде Тәліповаға Жаңа Зеландия боксшысы Селин Даниэль қарсылас болды.

Алғашқы үш минуттық раунд 4:1 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Екінші раундта Елдана толық басымдықпен жеңіске жетті - төрешілер 5:0 есебін тіркеді. Үшінші раундта (3:2) қарсыласы кездесудің бағытын өзгерте алмады.

Осылайша, Елдана Тәліпова турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.

Айта кетейік, бұл Қазақстан үшін Ливерпульдегі үшінші қола жүлде. Бұған дейін Наталья Богданова мен Виктория Графеева жүлдегер атанған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport