Бокс
Бүгін 09:36

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы ӘЧ-де қарсыласын таза сабады

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Руслан Ахметов Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы бірінші кездесуде болгариялық Николай Ивановты жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ахметов 5:0 есебімен жеңіске жетті

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/16 финалдық жекпе-жекте Ахметов Ивановпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша бес төрешінің бәрі жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, төрешілердің бірауыздан шығарған 5:0 есебіндегі шешімімен жеңіске жеткен Ахметов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Ал болгариялық боксшы жарыс жолын аяқтады.

Әлем чемпионаты Черногорияда өтіп жатыр

World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады. Жарыста 69 елден келген 474 спортшы бозбалалар арасында 10 және бұрымдылардан 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport