Қазақстандық боксшы Әлібек Алпамыс Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Әлібек Алпамыс өзбекстандық Самандарбек Умаровпен қолғап түйістіріп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы ұлттық құраманың қоржынына тағы бір алтын салды.
Айта кетейік, Әлібек Алпамыс U-17 жас санатында өнер көрсетеді.
Жарнама