Ауыр салмақтағы қазақстандық 17 нокауты бар "Арыстанмен" айқастан бас тартты

©flickr.com/leifpm

Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) үшін EBU белбеуін "Арыстан" лақап атты түркиялық Умут Чамкиранмен (18-0, 17 КО) сарапқа салатын жекпе-жек кері қадам болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Notifight.com порталының шолушысы Людо Саенс осындай пікір білдірді.

Бұл жекпе-жекке Еуропалық бокс одағы (EBU) мұрындық болған еді, алайда, боксшылар одан бас тартты.

"Кособуцкий - Еуропада белгілі боксшы. Ол рейтингте жоғарлап, мықты қарсыластармен жұдырықтасады. Чамикранның статистикасы жақсы, бірақ, айқастарына қарасаңыздар: ол ортаңқол боксшылар. 

Чамкиранға бұл жекпе-жек керек болды, ал Кособуцкийге еш пайда бермейді. EBU белбеуінің бұрынғы деңгейі жоқ. Тіпті ұзақ уақыт бос жатты. Ал қазақстандықтың сұранысы жоғары, ол рейтингте өзімен төмендермен жұдырықтаспайды", - дейді Саенс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport