Хангчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында көпшілік күткен Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының боксшылары арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келі салмақтың финалдық айқасында байырғы қарсыластар Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Бахожир Джалолов тағы да бетпе-бет келді.
Үш раунд қорытындысы бойынша Джалолов тағы да жеңіске жетті - 4:0 (29-28, 28-28, 30-27, 30-27, 29-28).