Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындықтың қарсыласы Өзбекстан боксшысы Халимжон Мамасолиев болды.
Жекпе-жектің алғашқы раундын Сағындық Тоғамбай 4:1 есебімен өз пайдасына жазса, екінші раундта басымдық қарсыласына өтіп, 5:0 есебімен Мамасолиевтің пайдасына аяқталды. Шешуші үшінші раунд та өзбек боксшысының басымдығымен өтті — 3:2.
Қорытынды есеп бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс Халимжон Мамасолиевке берілді (29:28, 28:29, 29:28, 29:28, 29:28).
Осылайша, Сағындық Тоғамбай турнирді жартылай финал кезеңінде аяқтап, қола жүлдегер атанды.