Жарнама

Бокс
Бүгін 18:28
 

Ауыр салмақтағы қазақ пен өзбек боксшы АЧ финалы үшін айқасты

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақтағы қазақ пен өзбек боксшы АЧ финалы үшін айқасты ©

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындықтың қарсыласы Өзбекстан боксшысы Халимжон Мамасолиев болды.

Жекпе-жектің алғашқы раундын Сағындық Тоғамбай 4:1 есебімен өз пайдасына жазса, екінші раундта басымдық қарсыласына өтіп, 5:0 есебімен Мамасолиевтің пайдасына аяқталды. Шешуші үшінші раунд та өзбек боксшысының басымдығымен өтті — 3:2.

Қорытынды есеп бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс Халимжон Мамасолиевке берілді (29:28, 28:29, 29:28, 29:28, 29:28).

Осылайша, Сағындық Тоғамбай турнирді жартылай финал кезеңінде аяқтап, қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!