Бокс
31 қазан 09:42

Ауыр салмақтағы қазақ пен қырғыз ӘЧ жүлдесін сарапқа салды

©ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асылан Еділбайұлы жекпе-жек өткізді. 

92 келіден аса салмақта өнер көрсететін Асыланның ширек финалдағы қарсыласы қырғызстандық Мырзакир Кошалиев болды. 

Бұл айқаста қазақстандық боксшы төрешілердіің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 4:0.

Енді 1/2 финала Асылан өзбекстандық Шахзод Полвонов пен армениялық Мисак Тепанян кездесуінің жеңімпазымен айқасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport