Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшы Серік Мұсәділов (10-0, 9 КО) Майамиде өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Панда" лақап атты 26 жастағы Серік 30 жастағы америкалық Ламонт Каперспен (10-15-5, 2 КО) сегіз раундтық кездесу өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Мұсәділов жалғыз жекпе-жегін ғана нокаутсыз аяқтап отыр. Осы жеңіс арқасында ол NABA (Солтүстікамерикалық бокс қауымдастығы) титулын жеңіп алды.