Ауыр салмақтағы қазақ боксшының келесі айқасы белгіленді

©

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжоловтың (6-1, 5 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

Нұрсұлтан келесі жекпе-жегін 1 маусым Алматыда өткізеді. BoxRec.com мәліметінше, қарсылас кәсіпқойда дебютін өткізетін өзбекстандық Абдурахим Джураев. Жекпе-жек алты раундқа есептелген. 

Нұрсұлтанов былтыр наурызда Алматыда үндістандық Кулдип Сингхті (9-8-1, 6 КО) нокаутқа түсірген. Одан кейін IBA-ның "Чемпиондар түнінде" ресейлік Бекхан Исраиловтан ұпай санымен жеңілді. Ал одан соң әуесқойда Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирде жеңімпаз атанды. 

Нұрсұлтанов атақты украиналық Александр Усиктің спарринг серігі екенін айта кетейік. Қазақ боксшы Усикке британиялық Тайсон Фьюримен жекпе-жеке дайындалуға көмектескен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар