Ауыр салмақтағы қазақ боксшы WBC және WBA титулы үшін сегіз нокауты бар өзбекпен жұдырықтасады

23 қыркүйек 2020 10:41
Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевпен (12-7-1, 8 КО) титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Бұл жекпе-жек MTK Fight Night компаниясы бүгін, 23 қыркүйек Алматыда өткізетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Он ранудты кездесуде бірінші ауыр салмақтағы WBA Asia және WBC Asia белбеулері сарапқа салынады. 

Екі боксшының да салмағы - 89 келі болды, лимит 90,7 келі еді.

Сонымен қатар бұл кеште келесі боксшылар да рингке шығады:
Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) - Аркадий Харутюнян (Ресей, 4-11, 1 КО);
Талғат Шәйкен (1-0) - Бахром Паязов (Өзбекстан, 22-13, 15 КО);
Рай Сейітжанов (3-0) - Берікбай Нұрымбетов (5-1, 1 КО);
Рахат Сейітжан (1-0, 1 КО) - Шавкат Халилов (Өзбекстан, 7-2, 1 КО).