Ауыр салмақтағы қазақ боксшы WBC және WBA титулдары үшін жекпе-жекте өзбекті нокаутпен жеңді

24 қыркүйек 2020 09:59

Кеше, 23 қыркүйек Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевты (12-7-1, 8 КО) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші ауыр салмақта WBC Asia және WBA Asia титулдары үшін кездесудің бірінші раундында қазақ боксшы нокдаунға түсті. Дегенмен Қожамбердиев ары қарай басымдығын көрсетіп, төртінші раундта өзбек боксшының командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.  

Осылайша Еділ оныншы жеңісіне жетті, боксшы екі рет жеңілген. Ал 12 жеңісі бар Раджапбаев сегізінші рет жеңілді.