Бокс
Кеше 16:15
 

Ауыр салмақтағы қазақ боксшы әлемнің үш дүркін чемпионымен жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақтағы қазақ боксшы әлемнің үш дүркін чемпионымен жұдырықтасады ©Suleimen Promotions

28 қыркүйек Бакуде кәсіпқой бокстан "IBA чемпиондар түні" өтеді. Бұл бокс кешіне қазақстандықтар да қатысады, деп жазады SPORT+.

blog.share

28 қыркүйек Бакуде кәсіпқой бокстан "IBA чемпиондар түні" өтеді. Бұл бокс кешіне қазақстандықтар да қатысады, деп жазады SPORT+.

Атап айтқанда 92 келіден жоғары салмақтағы қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов әуесқойлар арасында үш дүркін әлем чемпионы болған әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовпен айқасады. Сонымен бірге, Нұртас Әбженов 63,5 келіде ресейлік Габиль Мамедовпен алты раундтық жекпе-жекке шығады. 

Әжбенов үшін бұл карьерасындағы 16-ші жекпе-жек, бұған дейін ол 14 айқасында жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілген. Аманжолов сегіз кездесуде жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.

Аманжоловқа қарсылас болатын Меджидов кәсіпқойда үш рет жеңіп, бір мәрте жеңілген. Ал әуесқойда үш дүркін чемпион болғанымен қатар 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!