Бокс
16 қазан 2020 10:07

Ауыр салмақтағы қазақ боксшы 44 жекпе-жекке шыққан қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсынов Минсктегі бокс кешінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақс боксшының қарсыласы белоруссиялық джорнимен, өте тәжірибелі Руслан Родивич болды. Бұл Жантұрсыновтың кәсіпқойдағы тек бесінші жекпе-жегі, боксшы әлі жеңілмеген. Ал қарсыласы 44 жекпе-жек өткізген екен, алайда, 29 кездесуінде жеңілген. 

Жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын, бірақ, Асхат қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты. Бұл Жантұрсыновтың нокаутпен төртінші жеңісі.