Ауыр салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы операциядан кейін жаттығуға қайта кірісті

©Vesti.kz. Турар Казангапов©

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Балоев (10-0, 7 КО) жаттығуға қайта кіріскен видеосын көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Боксшы осыған дейін операция жасатты. Сол отадан кейін отандасымыз енді ғана жаттығуға кірісіп отыр. Бұған дейін Балоевтің өзі жекпе-жек туралы ұсыныстарға дайын екенін мәлімдеді. 

"Рақаттанып жұмыс істеудемін", - деп жазды жаттығу залындағы видеосын салып. 

Еске салайық, Балоев 2020 жылдың тамызынан бері шаршы алаңға шықпады. Ол соңғы рет Алматы қаласында айқас өткізіп, беларусь боксшысы Юрий Быховцевтен айласын асырды. 

Ал 2021 жылдың желтоқсан айында ол MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшартын бұзды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport