Бокс
3 қараша 09:48
 

Ауыр салмақтағы боксшылардың айқасы дәл бір соққымен бітті

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақтағы боксшылардың айқасы дәл бір соққымен бітті ©The Ring Magazine

Бірінші ауыр салмақтағы британиялық боксшы Пэт Браун (5-0, 5 КО) АҚШ-тың Орландо қаласында өткен бокс кешінде таза жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бірінші ауыр салмақтағы британиялық боксшы Пэт Браун (5-0, 5 КО) АҚШ-тың Орландо қаласында өткен бокс кешінде таза жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол екінші раундта доминиканалық Феликс Валераны (24-9, 21 КО) нокаутқа түсірді. Айқас бастапқыда он раундқа жоспарланған болатын.

Жеңіліс көрмеген Браун үшін бұл қатарынан бесінші жеңіс және бәрі нокаутпен. Ал 24 жеңісі бар Валера (21 нокаут) карьерасында тоғызыншы рет және үшінші рет нокатупен жеңіліп отыр.

Айта кетсек, Валера - 2010 жылғы Орталық Америка және Кариб ойындарының күміс жүлдегері, Доминикан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Кәсіби мансабында ол 2015–2016 жылдары WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы, сондай-ақ, 2018–2020 жылдары жартылай ауыр салмақта WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Латын Америкасы чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!