Ауыр салмақтағы боксшылар айқасы мүлде күтпеген жерден аяқталды

5 қыркүйек 2022 07:51
©boxen1.com

Германиялық боксшы жеңіп жатып, жеңістен айырылып қалды.

Польшаның Ченстохов қаласында өткен бокс кешінде жергілікті Никодем Ежевски (21-2-1, 9 КО) мен германиялық Серж Михель (13-2, 9 КО) он раундтық жекпе-жекке шыққан болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда жетінші раундта германиялық боксшы көзінің жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады. 

Сондықтан жеңіс Ежевскике берілді, дегенмен, айқас тоқтағанға дейін ол төрешілер шешімімен жеңіліп жатқан. Оның үстіне польшалық екінші раундта нокдаунға түскен болатын. 

Осылайша, Ежевски карьерасында 22-рет жеңіп отыр, ал Михель үшінші рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар