Ауыр салмақтағы боксшы "Канело" - Головкин айқасына біржақты болжам айтты
Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Энди Руис (34-2, 22 КО) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Бұл айқас та алдыңғы екеуі сияқты бітеді. "Канелоның" жеңісімен. Альваресті суперорта салмақта ешкім жеңе алмайды.
Білемін, Головкин мықты. Ол әрдайым жинақы, барын салып жаттығады, қуатты. Жанкүйерлер ол Биволдан жеңілгендей есе жіберіп алады деп қауіптенеді. Алайда ол кезде қарсылас тым ірі болды. "Канело" үлкен қауіпке барды. Меніңше, бұл тіпті жеңіліс те емес. Сауль ол айқасқа бірдеңе іздеп шықты, алайда, іздегенін таппады", - дейді Руис.
Жарнама