Азия чемпионаты-2026 турнирінде аса ауыр салмақта төрт қазақ боксшы, бірақ, әр түрлі ел атынан жүлде үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аса ауыр салмақтағы ерекше жағдай:+90 келі санатында Ұлан-Батырдағы додада келесі спортшылар жарысты жалғастыруда:
Айбек Оралбай (Қазақстан) — World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы
Арман Маханов (Өзбекстан) — IBA әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Данабек Байқоныс (Қытай) — World Boxing бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері
Бекнұр Қали (Моңғолия) — Баян-Өлгий аймағының өкілі.
1/8 финал кезеңінде Арман Маханов пен Бекнұр Қали өзара кездесті. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Қазақ дербиі болуы мүмкін:Ширек финалда Арман Маханов Айбек Оралбаймен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек нәтижесінде қазақ екі боксшының бірі кемінде жартылай финалға шығатыны анық.
Ал Данабек Байқоныс тәжікстандық Мұхаммад Аброриддиновпен кездеседі. Егер ол жеңіске жетсе, құрлықтық біріншіліктің жүлдесіне жетеді.