Жарнама

Бокс
Бүгін 10:20
 

Ауыр салмақта төрт түрлі елден 4 қазақ АЧ жүлдесіне айқасуда

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақта төрт түрлі елден 4 қазақ АЧ жүлдесіне айқасуда ©ҚБФ

Азия чемпионаты-2026 турнирінде аса ауыр салмақта төрт қазақ боксшы, бірақ, әр түрлі ел атынан жүлде үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Азия чемпионаты-2026 турнирінде аса ауыр салмақта төрт қазақ боксшы, бірақ, әр түрлі ел атынан жүлде үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аса ауыр салмақтағы ерекше жағдай:

+90 келі санатында Ұлан-Батырдағы додада келесі спортшылар жарысты жалғастыруда:

Айбек Оралбай (Қазақстан) — World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы
Арман Маханов (Өзбекстан) — IBA әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Данабек Байқоныс (Қытай) — World Boxing бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері
Бекнұр Қали (Моңғолия) — Баян-Өлгий аймағының өкілі.

1/8 финал кезеңінде Арман Маханов пен Бекнұр Қали өзара кездесті. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Қазақ дербиі болуы мүмкін:

Ширек финалда Арман Маханов Айбек Оралбаймен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек нәтижесінде қазақ екі боксшының бірі кемінде жартылай финалға шығатыны анық.

Ал Данабек Байқоныс тәжікстандық Мұхаммад Аброриддиновпен кездеседі. Егер ол жеңіске жетсе, құрлықтық біріншіліктің жүлдесіне жетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!